Accessibility links

Израиль Голан жотасындағы қақтығыстар үшін Сирияны кінәлады


Сирия жағынан келген наразы топ шекара тосқауылдарынан өтіп жатыр. Голан жотасы, 15 мамыр 2011 ж.
Сирия жағынан келген наразы топ шекара тосқауылдарынан өтіп жатыр. Голан жотасы, 15 мамыр 2011 ж.
Израиль Голан жотасында Сириямен арадағы шекара аймағында жексенбі күні болған қақтығыстарды әдейі арандатты деп Сирия билігін кінәлады.

Кешегі қақтығыстар салдарынан 20-дан аса адам қаза болып, 350-ге жуық адам жараланғаны хабарланып отыр. Тель-Авив өз шекара бағандарына жеткен палестинашыл белсенділер шабуылын тойтару үшін израиль күші оқ атуға мәжбүр болғанын мәлімдеді.

Палестиналықтар мен оларды жақтаушылар 1967 жылғы алты күндік соғыстың атаулы күніне байланысты Голан жотасына жиналған.

Израиль "ресми Дамаск сириялық оппозицияға қарсы биліктің жүргізіп жатқан репрессиялық саясатынан әлем қауымдастығының назарын бұруды ниет етіп, әлгіндей арандантуға барғандардың қолтығына су бүркеді" деп санайды.

Сирияда соңғы екі күнде қауіпсіздік күштерінің іс-әрекеті салдарынан 30-дан аса адам қаза болған.
XS
SM
MD
LG