Accessibility links

Бас прокуратура: Ақтауда жұмысшылар шеруін полицейлердің таратуы - заңды


Қаражанбас мұнайшылары отбасымен бірге Маңғыстау облысы әкімшілігі алдына жиналып тұр. Ақтау қаласы, 2 маусым 2011 жыл.
Қаражанбас мұнайшылары отбасымен бірге Маңғыстау облысы әкімшілігі алдына жиналып тұр. Ақтау қаласы, 2 маусым 2011 жыл.
Ақтауда жексенбі күні шеруге шыққан мұнайшыларға қарсы полицейлердің іс-әрекеті заңды деп мәлімдеді бүгін Астанадағы брифингте Қазақстан бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев.

«Полиция қызметкерлері сол уақытта қалыптасқан жағдайды ескере отырып, өздеріне заңмен белгіленген өкілеттік ауқымында әрекет еткен», - деді бас прокуратура өкілі.

Мамырдың 5-і күні Ақтауда наразылық танытқан мұнайшылар шеру ұйымдастырып, облыс әкімшілігі ғимараты жанындағы жолды бөгеп тастамақшы болған еді. Полиция келіп, бірнеше адамды тұтқындаған кезде наразылық танытушылардың үшеуі өздерін жаралағаны туралы Азаттық радиосы хабарлаған.

«Қаражанбас» кеніші мұнайшылары еңбекақы төлем мәселесіне қоса, жұмысшылардың құқығын қорғап жүрген заңгер Наталья Соколованы қамаудан босатып, тәуелсіз кәсіподақ еркіндігіне мүмкіндік беруді талап еткен.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Ақтаудағы наразылық шарасына 150-ге жуық адам қатысқан. 37 адам ұсталып, полиция бекетіне жеткізілген.
XS
SM
MD
LG