Accessibility links

Грузия мен Ресей қауіпсіздік келіссөзін қайта бастады


Ресей мен Грузия өкілдері бүгін Женевада жаңа келіссөздерге жиналды.

2008 жылдан бері осымен он алтыншы рет өтіп жатқан келіссөздерден бір күн бұрын Грузия Ресейдің бұйрығы бойынша Тбилисидегі НАТО кеңсесіне жасалмақшы болған бомбалық шабуылдың алдын алғанын хабарлады.

Еуропа Одағы, БҰҰ және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымының арағайындығымен ұйымдастырылған келіссөздердің мақсаты - Оңтүстік Осетия мен Абхазияға байланысты жаңа зорлық-зомбылық әрекеттерінің өршуінің алдын алу.

2008 жылғы соғыстан кейін Ресей Грузияның бұл жікшіл аймақтарын тәуелсіз елдер деп мойындаған болатын.
XS
SM
MD
LG