Accessibility links

Халықаралық ұйымдар өзбек босқындарын экстрадицияламауды сұрады


Тұтқындалған өзбек босқындары сот отырысында. Алматы, 11 наурыз 2011 жыл.
Тұтқындалған өзбек босқындары сот отырысында. Алматы, 11 наурыз 2011 жыл.
Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық ұйымдар Қазақстанды Алматыда қамауда отырған 32 өзбек босқынын экстрадицияламауға шақырды.

«Хьюман Райтс Вотч», «Амнести Интернэшнл», «АКАТ-Франс», «Орталық Азиядағы адам құқығы», «Адам құқықтары бойынша халықаралық федерация» ұйымдары осы жөніндегі үндеуін бүгін Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаевқа жолдады.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, босқындар Өзбекстанға тапсырылса, оларды қинап-азаптауы мүмкін. "Өзбекстанда қинап-азаптау әдістері жүйелі түрде қолданылатыны белгілі", - делінген үндеуде.

2010 жылдың маусым айында Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Өзбекстанға экстрадициялау үшін 30 өзбек босқыны мен саяси баспана сұраушыларды ұстаған. Отыздан астам ер азамат (олардың кейбірі отбасы, бала-шағасымен бірге) «діни сенімдеріміз үшін қудалануымыз мүмкін» деп қауіптеніп, Өзбекстаннан қашып кетуге мәжбүр болғандарын айтады.
XS
SM
MD
LG