Accessibility links

Германиядан келушілерге бақылау күшейтілді


Астана әуежайы. Көрнекі сурет.
Астана әуежайы. Көрнекі сурет.
Қазақстанда Германияда ішек инфекцияларының өршуіне байланысты, сол елден келушілерге санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, өткен аптада Германиядан Қазақстанға 4 мыңнан астам жолаушы және 156 экипаж мүшесі келген.

«Науқас адамдар анықталмады», - делінген министрліктің таратқан ақпаратында.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жіті ішек инфекциялары бойынша эпидемиологиялық жағдай қалыпты.
XS
SM
MD
LG