Accessibility links

Лаңкестікті насихаттайтын 15 сайтқа кіруге шектеу қойылды


Қазақстандық интернет пайдаланушыларының лаңкестік пен діни экстремизмді насихаттайтын 15 шетел сайтына кірулеріне шектеу қойылды. Бұл туралы Қазақстан бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

«Интернет кеңістігіне қатысты жасалған талдау лаңкестік пен экстремизмді насихаттау мен ақтауға салынған тыйымды бұзатын 15 шетел сайтын анықтауға мүмкіндік берді», - делінген сейсенбіде таратылған ақпаратта.

Прокуратураның мәліметтеріне сәйкес, соңғы уақытта Интернет желісінде діни лаңкестік пен эктремизмді жүзеге асыруға шақыратын ақпараттық материалдар көбейіп кеткен, оның ішінде басқа дін өкілдеріне қатысты зорлық әрекеттерін жасау да бар.
XS
SM
MD
LG