Accessibility links

Каддафи күштері Мисуратаға қайта шабуыл бастады


Триполидегі «Риксос» қонақ үйі жанындағы көрініс. 9 маусым 2011 ж.
Триполидегі «Риксос» қонақ үйі жанындағы көрініс. 9 маусым 2011 ж.
Ливия жетекшісі Муамар Каддафиге бағынышты күштер елдің батысындағы көтерілісшілердің қолындағы ірі қала - Мисуратаға қайта шабуыл бастады.

Көтерілісшілердің айтуынша, сәрсенбіде болған шайқастарда кемінде 12 адам мерт болған.

Жалпы соңғы үш айдың ішінде Мисурата үшін ұрыстар барысында жүздеген адам, соның ішінде бейбіт тұрғындар қаза тапқан.

НАТО әуе күштері бейсенбіге қараған түні Триполидегі әскери нысандарға тағы да соққы берді.

Бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу-Даби қаласында Ливия бойынша халықаралық байланыс тобының кезекті отырысы өтіп жатыр. Топ құрамына кіретін батыс мемлекеттері мен араб елдерінің өкілдері Муамар Каддафи биліктен кеткен соң Ливияның болашағы қалай болатынын кеңеседі.
XS
SM
MD
LG