Қазақстан парламентінің қос палатасы - сенат пен мәжілістің бірлескен отырысы маусымның 20-сына шақырылды.
Бұл туралы мәжіліс төрағасы Орал Мұхамеджановтың өкімі бүгін ресми басылымдарда жарияланды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2011 жылғы 20 маусымда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын», - делінген құжатта.
Алайда бірлескен отырыстың күн тәртібінде қандай мәселелер қаралатыны айтылмаған.