Accessibility links

Ауғанстанда жанкештілік шабуылдан бірнеше адам өлді


Бүгін Ауғанстанның солтүстігіндегі Құндыз провинциясында мешітте өтіп жатқан көпшілік шараға жарылғыш зат алып кірмек болған жанкешті кіреберісте полиция қызметкерлері тоқтатқан соң өзін өзі жарып жіберген.

Жергілікті билік өкілдері жарылыс салдарынан кемінде үш полицейдің қаза тауып, жеті кісінің жараланғанын хабарлады.

Жанкешті кірмек болған мешітте өткен айда көршілес провинцияда қастандық құрбаны болған полиция басшысына арнап құран оқуға жергілікті лауазымды басшылар, ақсақалдар мен өзге де тұрғындар жиналып отырған.
XS
SM
MD
LG