Accessibility links

Пентагон басшысын НАТО-ның болашағы алаңдатады


АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс. Брюссель, 9 маусым 2011 ж.
АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс. Брюссель, 9 маусым 2011 ж.
АҚШ қорғаныс министрі Роберт Гейтс бүгін Брюссельде қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері институтында сөйлеген сөзінде «Америка мен Еуропаның әскери одағының» болашағы «сүреңсіз» деп мәлімдеді.

Пентагон басшысы АҚШ-тың одақтастары тарапынан «саяси ерік-жігер мен қорғаныс шығындары жеткіліксіз» болып отырған жағдайда «НАТО-ның өміршеңдігі күпті болатындығын» айтты.

Гейтс қазірде Ливиядағы әскери операцияға НАТО-ға мүше елдердің тек жартысы ғана қатысып жатқанын ескерте келе, мұндай жайт «алаңдатпай қоймайтынын» атап өтті.
XS
SM
MD
LG