Accessibility links

Әзербайжан мен Армения министрлері Ресейде кездесті


Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Әзербайжан және Армения басшыларымен кездесуі. Мәскеу, 2 қараша 2008 жыл.
Ресей президенті Дмитрий Медведевтің Әзербайжан және Армения басшыларымен кездесуі. Мәскеу, 2 қараша 2008 жыл.
Армения мен Әзербайжан сыртқы істер министрлері бүгін Таулы Қарабах мәселесіне қатысты келіссөз өткізіп жатыр. Ресей астанасы Мәскеудегі келіссөздерге сыртқы істер министрі Сергей Лавров арағайындық жасап отыр.

Аталмыш үш елдің президенттері осы айдың аяғында Қазанда кездеседі деп жоспарланған. Мәскеудегі жиын осы кездесуге дайындық мәселесін талқылайды.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев Совет одағы ыдыраған кезде бөлініп шыққан Таулы Қарабах аймағын қайтарып алу үшін соғыс бастауға әзір тұрғанын мәлімдеген болатын. Аталмыш даулы аймақ қазір армяндардың бақылауында.

Өткен айда "Үлкен сегіздік" тобына мүше елдердің жетекшілері екі жақты тезарада келісімге келуге шақырды.
XS
SM
MD
LG