Accessibility links

Жапонияда атом энергиясына қарсы шеру өтті


Жапонияның зақымданған атом электр станциясы. Сәуір 2011 жыл.
Жапонияның зақымданған атом электр станциясы. Сәуір 2011 жыл.
Токиодағы шерушілер бүгін атом энергиясының пайдаланылуына наразылық танытты.

Қаланың орталығындағы саябақта шеруге жиналған жүздеген адам ядролық энергетикаға қарсы ұрандар айтты. Олар барлық атом электр станцияларды жабуды талап етті.

Осыдан үш ай бұрын Жапонияда болған зілзала мен цунамиден елдегі атом электр станциясы зақымданып, әлемдегі ең үлкен ядролық апаттардың біріне түрткі болған еді.

Наурыздың 11-дегі 9 балдық жер сілкінісі мен цунами Фукусима атом электр станциясын істен шығарып, радиацияның жайылуына себеп болды. Фукусимадағы радиация 7-ші деңгейге жетті деп бағаланды. Мұндай төтенше жағдай әлемдегі ең үлкен ядролық апат болып есептелген Украинаның Чернобыль реакторында 1986 жылы болған жарылыста туған еді.
XS
SM
MD
LG