Accessibility links

Қытайдағы су тасқыны 100 шақты адамның өмірін әкетті


Қытайдың орталығы мен оңтүстігінде болған қатты су тасқынынан 100-ге жуық адам қаза тапқан. Тағы 70-тен аса адам хабарсыз кеткен.

Жергілікті ақпарат құралдары қалың жауған жауыннан лай тасқыны болғанын жазып жатыр. Хунань провинциясының 24 тұрғын үйі су астында қалған.

Билік өкілдері осыдан екі апта бұрын құрғақшылықтан жапа шеккен Янзцы өзенінің маңында тағы су тасқыны болуы мүмкін деп ескертіп отыр.
XS
SM
MD
LG