Accessibility links

Түркиядағы парламент сайлауында билік партиясы жеңіске жетті


Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылармен кездесіп тұр. Ерзурум, 10 маусым 2011 жыл.
Әділет және даму партиясының төрағасы Режеп Тайып Ердоған сайлаушылармен кездесіп тұр. Ерзурум, 10 маусым 2011 жыл.

Түркияда жексенбі күні өткен парламент сайлауында биліктегі Әділет және даму партиясы жеңіске жетті.

Дауыс беруге сайлаушылардың 50 миллионнан астамы қатысты. Бақ сынасқан партиялар саны - 15.

200 тәуелсіз кандидат қатысқан бұл сайлауда Әділет және даму партиясы 50 пайыздан астам дауыс жинады. Режеп Тайып Ердоған басқаратын бұл партия енді бірпартиялы үкімет құра алады.

Ол 1980 жылы әскери төңкеріс кезінде қабылданған конституцияны өзгертуге уәде берген болатын.

XS
SM
MD
LG