Accessibility links

Жаңа Зеландияда жер сілкінді


Дүйсенбіде Жаңа Зеландияда зілзала болып, салдарынан алты адам жараланды. Крайстчерч қаласындағы жер сілкінісінен үйлер де қираған.

Зілзаланың қуаты 5,2 магнитуда болған.

Бұл турасында АҚШ геология қызметі хабарлады.

Крайстчерчте биылғы ақпан айында қуаты 6,3 магнитудалық зілзала болған еді. Сонда 200-дей адам қаза тапты.
XS
SM
MD
LG