Accessibility links

Пәкістандағы жарылыстан үш әскери қызметкер мерт болды


Жарылған мұнай танкері маңында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Пәкістан, 7 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Жарылған мұнай танкері маңында тұрған қауіпсіздік қызметкері. Пәкістан, 7 маусым 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Пәкістанның солтүстік-батысында жолға қойылған бомба жарылып, үш әскери қызметкер мерт болды, тағы үш сарбаз жараланды.

Пәкістан арнайы қызмет орындарының айтуынша, жарылыс Ауғанстанмен шектес Оңтүстік Вазиристан уәлаятында болған.

Оңтүстік Вазиристанда пәкістандық тәліптердің көбі жасырынып жүр. 2009 жылы қазанда басталған операция барысында олар әжептәуір азайған. Бірақ тәліптер әлі де Пәкістан әскеріне жиі-жиі шабуыл жасап келеді.
XS
SM
MD
LG