Accessibility links

Америка сенатының сайты шабуылға ұшырады


Америка билігі сенат сайтының хакерлер шабуылына ұшырағандығын растады.

Конгресстің қауіпсіздік жөніндегі өкілі хакерлердің құпия мәліметтер алып үлгермегенін айтты. Оның айтуынша, тергеу жүріп жатыр.

Lulz Security деп талатын хакерлік тобы дүйсенбі күні сенаттың ішкі компьютерлік желісіне енгенін хабарлаған еді. Топ желі серверінен ұрланған файлдарды жариялады.

Lulz Securitу хакерлер тобы Sony корпорациясы мен Public Broadcasting деп аталатын Америка қоғамдық телеарнасы сайттарына бағытталған кибер-шабуылдар жауапкершілігін де өз мойнына алды.
XS
SM
MD
LG