Accessibility links

Халықаралық валюта қорының басшылығына кандидаттар анықталды


Халықаралық валюта қорының басшылығына кандидаттар белгілі болды.

Енді Франция қаржы министрі Кристин Лагард пен Мексика орталық банкі төрағасы Августин Карстенс бақ сынасады. 30 маусымға дейін олардан ақтық сұқбат алынады.

Тағы бір үміткер - Израиль орталық банкісінің төрағасы Стэнли Фишердің кандидатурасы жасына байланысты алынып тастағаны айтылды. Өйткені қор басшысының жасы 65-тен аспауы керек.

Үміткер болады деген Қазақстан ұлттық банкісінің төрағасы Григорий Марченко өз кандидатурасын алғызып тастаған болатын.

Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Кан 18 мамырда қызметтен кеткен еді. Оған адам зорлауға әрекет жасады деген айып тағылды.
XS
SM
MD
LG