Accessibility links

Беларусьте журналист Андрей Почобут сотталып жатыр


Журналист Андрей Почобут
Журналист Андрей Почобут
Бүгін Беларусьтің Гродно қаласында журналист Андрей Почобутке қатысты жабық есік жағдайында сот басталды.

Польшаның Gazeta Wyborcza басылымының Беларусьтегі тілшісі Андрей Почобутке президент Александр Лукашенконың "беделіне нұқсан келтірді" деген айып тағылған.

Егер ол айыпты деп танылса, төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Прокурорлардың айтуынша, журналист Почобут сәуір айында Беларусьтен заңсыз шығып кетпекші болған кезде тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG