Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысу үшін бүгін Санкт-Петербургке барды деп хабарлайды президент баспасөз қызметі.
Ресей ақпарат агенттіктерінің мәліметінше, сенбі күні Назарбаевтың президент Дмитрий Медведевпен кездесуі жоспарланған.
Кремль өкілі Сергей Приходьконың айтуынша, келіссөз барысында Назарбаевтың наурыз айындағы Ресейге сапары барысында жасалған келісімдердің жүзеге асу мәселесіне назар аударылады. Сонымен қатар екі ел президенттері энергетикалық мәселелерді талқылайды.