Accessibility links

Йеменде дін және тайпа жетекшілері президент сайлауын өткізуге шақырды


Йеменнің 100-ден аса ықпалды діни жетекшілері мен тайпа көсемдері президент сайлауын өткізуге шақырды.

Ассошейтед пресс агенттігінің хабарлауынша, олар президент Али Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп отыр.

Жақында президент сарайына болған шабуылдан жарақат алған Салех қазіргі таңда Сауд Арабияда ем қабылдап жатыр. Діни және тайпа жетекшілері Салех өз қызметін қайта алуға жарамайды деп отыр.

Али Абдулла Салех соңғы төрт ай бойы өзін биліктен кетуге шақырған шерушілерді бақылауға алуға тырысып келген.
XS
SM
MD
LG