Accessibility links

Австрияда МАГАТЭ конференциясы өтіп жатыр


МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано. Вена, 2 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Амано. Вена, 2 желтоқсан 2010 жыл. (Көрнекі сурет)
Бүгін Венада Халықаралық атом қуаты агенттігінің (МАГАТЭ) конференциясы ашылды. Конференция барысында жапондық "Фукусима" электор станциясындағы апаттан кейін өзекті болған ядролық қауіпсіздік мәселесі талқыланады.

Конференцияға БҰҰ мүшелері - 150 елдің министрлері мен жоғары лауазымды басшылары қатысады.

Жиын басында-ақ ядролық қауіпсіздікті арттыруға байланысты ойлар айтыла бастады. Кейбір елдер "МАГАТЭ халықаралық нормаларға сай келетін жаңа ереже шығаруы керек" дейді. Бірақ басқа елдер қауіпсіздікті реттеу мәселесін жеке елдер бақылағаны жөн дегенді айтады.
XS
SM
MD
LG