Accessibility links

Сирия президенті халықты келіссөзге шақырды


Сирия президенті Башар әл-Асад халыққа үндеуін жолдап тұр. Дамаск, 20 маусым 2011 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асад халыққа үндеуін жолдап тұр. Дамаск, 20 маусым 2011 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асад дүйсенбі, маусымның 20-сы күні теледидар арқылы халыққа үндеу жолдады.

Башар әл-Асад халықты диалогқа шақырып, заңды реформаны талап еткен адамдарды "іріткі салушылардан" ажырата білу керегін айтты. Башар әл-Асад елдегі дағдарысқа соңғы топтағы адамдар кінәлі дейді.

Оппозицияның есебінше, Башар әл-Асадтың авторитарлық билігіне қарсы наразылық басталған наурыз айының ортасынан бері 1400 қарапайым адам қаза болып, 10 мыңдай адам ұсталған. 20 мыңдай адам Түркиямен шекаралас аумаққа босып кеткен.

Бүгін Люксембургте Еуропа одағы елдерінің сыртқы істер министрлері Башар әл-Асад билігіне қарсы қосымша шектеулер енгізетін Сирия қарарын мақұлдауы керек.
XS
SM
MD
LG