Accessibility links

Еуроодақ саммитінде Грекиядағы дағдарыс талқыланады


Брюсселде Еуропа Одағының саммиті өз жұмысын бастайды.

Негізгі тақырып Грекиядағы қаржы дағдарысы болмақ.

Алдағы аптада грек парламенті бюджет шығынын 28 миллиард еуроға қысқартып, 50 миллиард еуролық мемлекеттік активті жекешелендіру жөніндегі үкімет жоспарын бекітпесе, 12 миллиард долларлық кредит бөлінбейтін болады.

Бұл қаржы Еуроодақ пен халықаралық валюта қорының қаржылай көмегі есебінен босатылмақшы еді.

Еуроодақ саммитінде Ливия мен Сириядағы жағдай және Хорватияның Еуропа одағына қосылуы мәселесі де талқыланбақшы.
XS
SM
MD
LG