Accessibility links

Пан Ги Мун: Башар әл-Асадтың айтқаны жарамсыз


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Сирия президенті Башар әл-Асадтың соңғы мәлімдемесін жарамсыз деп бағалады. Бас хатшы ұйымның қауіпсіздік кеңесіне Сириядағы жағдайды қарастыруды тапсырды.

Пан Ги Мун Башар әл-Асадтың реформаны қабылдауға бейілді емес екендігін айтқан сөзінен кейін осындай қадамға барып отыр.

Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты мүшелері Ресей мен Қытай Сирияға қатысты Еуропа елдері ұсынған қарарды қабылдамайтындығын білдірген еді.

Сирия белсенділерінің айтуынша, соңғы үш айда билікке наразылық білдіріп, қаза тапқандардың саны шамамен 1400-ге жеткен.
XS
SM
MD
LG