Accessibility links

Хельсинки комиссиясы Қырғызстандағы қақтығысты талқылады


Былтырғы маусым оқиғасы бойынша құрылған комиссияның ұсыныстарын қырғыз билігінің елеп-ескермеуі қиын мәселеге айналып отыр.

Хельсинки комиссиясының жиынында Карнеги қорының Орталық Азия бойынша сарапшысы Марта Брилл Олкотт осылай деді.

Оның айтуынша, оқиғаның салдарын жоюға барынша саяси күш жұмсап жатқан президент пен тәжірибесіз парламент ортасында келіспеушілктер бар.

"Комиссияның ұсыныстарын шетке қаққан азшылықтың пікірі Қырғызстандағы көпшіліктің пікіріне нұқсан келтірмейді деп ойлаймын",- дейді ол.

Қырғызстанның Америкадағы елшісі Мұхтар Жұмалиев осы жиында комиссияның біршама ұсыныстарын қырғыз билігі ескеріп отырғанын айтты. Алайда ол келіспеушіліктің де бар екенін жоққа шығарған жоқ.

Бейсенбі күні Хельсинки комиссиясының отырысында Қырғызстандағы ұлтаралық қақтығыстар және адам құқығы мәселесі талқыланды.
XS
SM
MD
LG