Иранда бір аптадан бері аштық жариялаған 12 саяси тұтқынға тағы алты тұтқын қосылды.
Бұл турасында Азаттық радиосының парсы қызметі Иранның оппозициялық сайттарына сілтеме жасап хабарлады.
Тегерандағы Эвин түрмесінде аштық жариялаған тұтқындарға енді Караж қаласындағы Рәжаи түрмесіндегі тұтқындар қосылып отыр. Олар өз наразылықтарын Эвин түрмесіндегі тұтқындарға үн қосу ретінде түсіндірген.
Эвин түрмесіндегі тұтқындар билікке қарсы шеруге шығып, қаза болғандарды еске алу үшін аштық жариялағанын мәлімдеген.
Ал маусымның алғашқы жартысында қамауда отырған белгілі журналист әрі құқық қорғаушы Реза Хода Сабер 10 күн аштық акциясын өткізген соң жүрек талмасынан қайтыс болған еді.