Accessibility links

"Валют-Транзит Банктің" бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды


«Валют-Транзит» қаржылық-өнеркәсіп қауымдастығының бұрынғы президенті Айтбақы Біләлов (Андрей Беляев) мүлкі тәркіленіп, 10 жылға сотталды. Бұл шешімді Қарағанды соты жұма, маусымның 24-і күні жариялады.

Біләловке оған қоса 530 айлық есептік көрсеткіш (5500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл төлеу жүктеліп, үш жыл бойы банк ісімен айналысуына тыйым салынды. Таратушы комиссия Біләловтен талап еткен 30 миллиард теңге (200 миллиондай АҚШ доллары) жарым-жартылай ғана қайтарылды.

Біләлов қылмыстық топ құрды, қызмет бабын асыра пайдаланды, банк қаржысын ұрлады деген айыптар бойынша сотталды. Ол 2008 жылы да қаржылық қылмыс жасады деген айыппен үш жарым жылға сотталып, жаза мерзімі 2010 жылы тамызда аяқталған. Бірақ ол кезде жаңадан қылмыстық іс қозғалып, Айтбақы Біләлов қайтадан тұтқындалған.
XS
SM
MD
LG