Accessibility links

Руанданың бұрынғы министрлерінің бірі геноцидке қатысты сотталды


Руандаға байланысты халықаралық трибунал Руанданың әйелдер ісі жөніндегі бұрынғы министрі Полин Ньирамасухуконы өмірлік түрме жазасына кесті.

Ол геноцидке және басқа ауыр қылмыстарға байланысты айыпталды. Полин Ньирамасухуко - халықаралық сот геноцидке байланысты соттаған бірінші әйел.

Тергеу Ньирамасухуконың 1994 жылы Руанданың оңтүстігіндегі өз ауылында тутси халқының өкілдерін жаппай қырғынға ұшыратқанын анықтады.

Онымен бірге ұлы және бұрынғы төрт шенеунік сотталды.

Руандада 1994 жылы 800 мыңдай адам геноцид құрбаны болған.
XS
SM
MD
LG