Accessibility links

Украинаның экс-премьерінің соты сәрсенбіде басталады


Юлия Тимошенконың жақтастары Киевтегі аудандық сот алдында жиын өткізді. 24 маусым. 2011 жыл
Юлия Тимошенконың жақтастары Киевтегі аудандық сот алдында жиын өткізді. 24 маусым. 2011 жыл
Украина соты бұрынғы премьер-министр Юлия Тимошенко өзіне қарсы сәрсенбі күні басталатын сотқа келуі тиіс деді. Тимошенкоға билікте отырғанда қызметін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Юлия Тимошенконың бұл істі президент Виктор Янукович ұйымдастырып отыр деген қарсылығын сот қабылдамады.

Киев соты 50 жастағы Тимошенкоға 2009 жылы Ресеймен газ келісімдерін жасағанда, елдің экономикасына орасан зор шығын әкелді деп айыптап отыр.
XS
SM
MD
LG