Accessibility links

Сауд Арабиясы: "Әл-Қайда" мүшесі деген 85 адамның соты басталды


Сауд Арабиясында "Әл-Қайда" ұйымының мүшелері болу мүмкін және лаңкестік жасады деп айыпталған 85 адамның алдын-ала соты басталды.

Осы елдің SPA агенттігінің хабарлауы бойынша 13 адам 2003 жылы Эр-Риадта 30 адамның өліміне себепші болған жарылыс үшін айыпталған.

Басқа айыпталушылар "қауіпсіздік қызметкерлеріне шабуыл жасағаны", "заңсыз қару сақтағаны" және "қолдан жарылғыш жасағандары" үшін сотқа тартылып отыр.
XS
SM
MD
LG