Accessibility links

Мароккода реформаға қарсы шеру өтті


Жексенбі күні Мароккода мыңдаған адам шеруге шықты.

Олар өздерінің конституциялық реформаға қанағаттанбайтындығын білдірді. Шеруге шыққандар реформаның король Мұхаммедтің өкілеттігін шектеуі жеткіліксіз екенін айтады.

Марокко королі Мұхаммед бұдан алдын өзінің өкілеттігінің бір бөлігін парламентке өткізетіндігін жариялады. Бірақ ол ұлттық қауіпсіздік пен дін мәселесін бақылау өзінде қала беретіндігін мәлімдеген еді.

Осыған орай Конституциядағы өзгертулер үшін 1 шілде күні Мароккода референдум өтпек.
XS
SM
MD
LG