Accessibility links

Бейжіңге жоспарланған Судан президентінің сапары шегерілді


Судан президенті Омар әл-Башир.
Судан президенті Омар әл-Башир.
Дүйсенбі күні Бейжіңге жоспарланған Судан президентінің сапары шегерілді.

Бұл туралы Қытай билігінің өкілдері мәлім етті.

Бұған дейін халықаралық іздеуде жүрген Судан президенті Омар әл-Бәширдің дүйсенбі күні Қытайға сапарлап, осы ел басшысы Ху Цзиньтаомен кездесетіні хабарланған еді.

Соңғы күндері халықаралық құқық қорғау ұйымдары осы мәселеге алаңдаушылық білдірді.

2009 жылы Халықаралық сот Судандағы азаматтық соғыста Дарфурдағы 200-ден астам адамның өлімі үшін әл-Баширді тұтқындауға ордер берген.

Судан мұнайының негізгі тұтынушысы Қытай бұл шешімді мойындамайды.
XS
SM
MD
LG