Accessibility links

Грекияда жалпыұлттық ереуіл басталды


Грекиядағы ереуіл. Афины, 28 маусым 2011 жыл.
Грекиядағы ереуіл. Афины, 28 маусым 2011 жыл.
Грекияда жұмысшылардың жалпыұлттық ереуілі басталды. Бүгін Грекия парламенті елді банкроттан құтқаруға бағытталған қатаң шараларға қатысты дауыс береді.

Биыл осымен төртінші рет өткізіліп отырған жалпыұлттық ереуілді Грекияның ең ірі кәсіподақтары ұйымдастырған. Бұл жолғы наразылық шарасы 48 сағатқа жалғасады. Елде қоғамдық қызметтер тоқтатылады.

Қауіпсіздікпен қамтамасыз ету үшін Афиныға 5 мыңнан астам полиция қызметкері орналастырылды. Бүгін ондаған мың адам парламент ғимараты алдында шеру өткізеді.

Еуропа Одағы мен Халықаралық валюта қорының 12 миллиард еуролық несиесіне қол жеткізу мақсатында Грекия үкіметі жалақы мен зейнетақыны азайтып, салықты көбейтіп жатыр.

Кәсіподақтардың айтуынша, үкіметтің қатаң шаралары елдегі ең аз және орташа жалақы алатындарға қатты әсер етеді. Грекияда жұмыссыздық деңгейі - 16 пайыз шамасында.
XS
SM
MD
LG