Accessibility links

Каирде қақтығыс болды


Египет астанасы Каирдің орталық алаңында сейсенбі күні кешкілік қақтығыс болды, жараланғандар бар. Қақтығыс Тахрир алаңында полиция мен жастар тобы арасында өрістеді.

Хұсни Мүбәрәктің қызметтен кетуіне себеп болған жиында қаза тапқандардың туыстары алаңға жиналғанда полиция оларды қуып таратпақ болған. Соңы тәртіпсіздікке ұласқан.

Жиналғандар бұрынғы режим басшыларын мейлінше тез соттауды талап еткен.

Бұрынғы президент Хұсни Мүбәрәк пен оның ұлдарының соты 3 тамызға жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG