Accessibility links

АҚШ лаңкестікке қарсы жаңа стратегия жасады


Джон Бреннан.
Джон Бреннан.
АҚШ "әл-Қаида" ұйымын толықтай жоюға тырысады. Бірақ алдымен өз аумағындағы лаңкестіктің алдын бөгеуге жұмылады.

АҚШ президенті Барак Обаманың кеңесшісі Джон Бреннан сәрсенбі күні өз елінің лаңкестікке қарсы жаңа стратегиясында осы мәселе көзделгенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа стратегия анағұрлым прагматикалық және идеологиядан ада сипатқа ие болмақ. "Онда бірінші рет "әл-Қаиданың" Америкада адамдарды өзіне тартып, ел ішінде лаңкестік шабуыл жасауы мүмкін екендігі ескерілді",-дейді Джон Бреннан.

Оның айтуынша, "әл-Қаида" басшысы Усаме бин Ладен өлімінен кейін жасалған жаңа стратегия Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға қатысты радикалды саяси өзгерістерді айқындайды.

Бұл стратегия 11 қыркүйек оқиғасынан кейін бұрынғы президент Джордж Буш лаңкестікке соғыс жариялаған соң 10 жыл өте жасалып отыр.
XS
SM
MD
LG