Америка Сирия саяси қауіпсіздік басқармасына, Сирия әскери әуе күштері барлауының басшысы Жәмил Хасанға және Иран полициясы қызметкерлеріне санкция жариялады.
Сәрсенбіде АҚШ қаржы министрлігі таратқан мәлімдемеде санкцияның адам құқығы тапталғанына байланысты жарияланғаны айтылды.
Сирия саяси қауіпсіздік басқармасы көктемде шеруге шыққан бейбіт тұрғындарды атқан. Ал Иран полициясы Сирия режиміне көмектескен.
Санкция осы мекемелер мен тұлғалардың Америкадағы есеп-шоттарын бекітіп, Америка компанияларының олармен араласуына тыйым салады.
Бұдан бұрын билікке қарсы шеруді басып-жанышқаны үшін Сирия президенті Башар әл-Асад пен басқа да шенеуніктерге санкция жарияланған болатын.