Accessibility links

БҰҰ өкілі Қытайда Судан президенті ұсталмағанына өкініш білдірді


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нэви Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нэви Пиллай.
БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Қытайдың Судан президенті Омар әл-Баширді қамауға алмағанына өкінішін білдірді.

«Геноцид жасады» деп айыпталған Судан президентін сәрсенбі күні Қытай басшылығы Бейжіңде салтанатты жағдайда қабылдады.

Нэви Пиллайдың мәлімдеуінше, кез келген ел үкіметі, оның ішінде Қытай да, халықаралық трибуналға көмектесуге міндетті.

Омар әл-Баширдің Қытайға мемлекеттік сапары бүгін аяқталады. Халықаралық трибунал әл-Баширді Суданның Дарфур аймағында зұлымдық жасады деп айыптап, оны тұтқындауды бұйырған болатын.
Қытай - халықаралық трибуналға мүше емес.
XS
SM
MD
LG