Accessibility links

Польша Еуропа Одағы төрағалығын қабылдап алады


Польша мен Еуропа Одағының туы.
Польша мен Еуропа Одағының туы.
Шілденің 1-інен бастап Польша Еуропа Одағының кезеңдік төрағалығына кіріседі.

Одақтағы бұрынғы ірі коммунистік ел Еуропаны жетілдіруде бірыңғай рынокты күшейтуді қолға алмақ. Польша Еуропа Одағында өзара сенімді нығайтып, одақты Балқан шығысына қарай кеңітіп, одақ институттарына сенімді қалпына келтіруді көздейді.

Польша сыртқы істер министрі Радослав Сикорский елінің ұжымдық жобаларға сенімді жаңғыртқысы келетінін айтады.

Хорватияның одаққа мүшелікке өтуін аяқтап, Сербияның мүшелік шараларына кірісу, Украинамен сауда келісімін бекіту де Польшаның мақсаты. Варшава блок аясында энергетика және сауда саласындағы байланысты тереңдетуге ниетті.

Бүгін ел астанасында Польша Еуропа Одағының алты айлық кезеңдік төрағалығын салтанатты жағдайда қабылдап алады.
XS
SM
MD
LG