Accessibility links

Ауғанстанда минаға кез болған автобустағы 18 адам опат болды


Бүгін Ауғанстанның оңтүстік-батысындағы Нимроз провинциясында жолаушылар автобусында болған жарылыстан кемінде 18 кісі мерт болып, отызға жуық адам жараланған.

Зардап шеккендердің арасында әйелдер мен балалардың бар екендігі, кейбіреуінің жағдайы ауыр деп хабарланды.

Жергілікті полиция басшысы генерал Абдул Джабар Пордели Азат Еуропа/Азаттық радиосына берген сұқбатында бұл жарылыс үшін тәліптерді айыптады. Алайда әзірге тәліптер бұл жарылысқа қатысты жауапкершілікті өз мойнына алған жоқ.
XS
SM
MD
LG