Accessibility links

Стросс-Канның соты болады


Cтроcс-Кан.
Cтроcс-Кан.
Жұма күні Нью-Йоркте Халықаралық валюта қорының бұрынғы басшысы Доминик Стросс-Канның соты болады. Бұл жолы оның кепілдігінің шарты өзгеруі мүмкін.

Бұл турасында оның адвокаты Бенджамин Брэфмен хабардар етті.

62 жастағы Стросс-Кан секс-жанжалға байланысты биылғы 14 мамырда қамауға алынған еді. 19 мамырда қызметтен кеткен оның үстінен қонақ үй қызметкері зорламақ болды деген шағым түсірген болатын.
Алайда ол 1 миллион доллар және 5 миллион құнды қағаз кепіл төлеп, түрмеден шықты. Содан бері Халықаралық валюта қорының басшысы Манхэттенде үйқамақта отыр. Қолына электронды білезік кигізілген оны полиция 24 сағат бойы бақылайды.
XS
SM
MD
LG