Accessibility links

Қытай компартиясы 90 жылдығын атап өтіп жатыр


Қытай компартиясының 90 жылдығына орай мектеп шәкірттері компартия туын бейнелейтін парадта тұр. Цзянси провинциясы, Қытай, 20 маусым 2011 ж.
Қытай компартиясының 90 жылдығына орай мектеп шәкірттері компартия туын бейнелейтін парадта тұр. Цзянси провинциясы, Қытай, 20 маусым 2011 ж.
Қытай коммунистік партиясы 90 жылдық мерейтойын атап өтіп жатыр.

Осынау атаулы оқиғаға байланысты бүгін ұлттық телеарнадан берілген сөзінде Қытай компартиясының бас хатшысы Ху Цзиньтао қытай халқы партияны билік басына әкелген «революция мен елдің гүлденіп, нығаюына негіз салған экономикалық реформаларға қолдау білдіргенін» атап өтті.

Әйткенмен коммунистік басқарудың алғашқы кезеңдерінде ондаған миллион адамның өмірін қиған радикалды саяси науқандар жайлы ештеңе айтпаған Қытай басшысы «партияның жетістігі – өткен қателіктерден сабақ ала білуінде» екенін айтты.

Сонымен бірге өз сөзінде Қытай төрағасы Ху Цзиньтао Қытай компартиясына негізгі қауіп ретінде коррупцияны атады.

Коминтерннің қолдауымен 1921 жылы дүниеге келген Қытай коммунистік партиясы қазірде әлемдегі ең ірі саяси партия болып саналады – оның 80 миллион мүшесі бар.
XS
SM
MD
LG