Accessibility links

Хиллари Клинтон Беларусь пен Сирияны дереу реформаларға кірісуге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вильнюс, Литва, 1 шілде 2011 ж.
АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон. Вильнюс, Литва, 1 шілде 2011 ж.
Бүгін Вильнюсте Литва президенті Даля Грибаускайтемен келіссөздер өткізгеннен кейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон авторитарлық режим орнаған кейбір елдерде демократиялық реформаларды тезірек бастау қажеттігі туралы мәлімдеді.

Атап айтқанда Клинтон Беларусь билігін елдегі саяси тұтқындарды дереу босатып, демократиялық өзгерістерді бастауға шақырды.

Сириядағы жағдайға байланысты Хиллари Клинтон Башар Асадтың басқаруындағы режим үшін реформа өткізуге уақыттың азайып бара жатқанын қадап айтты. Егер өзгерістер болмаса, ресми Дамаск оппозиция тарапынан бұдан да табанды әрі ұйымдасқан қарсылыққа кезігеді деп ескертті АҚШ мемлекеттік хатшысы.
XS
SM
MD
LG