Accessibility links

АҚШ Ауғанстанға жүк жеткізу жолын Орталық Азиямен кеңейтуде


АҚШ әскерилері Ауғанстандағы соғысқа қажетті жабдықтарын жеткізу жолын Орталық Азия елдерімен кеңейтіп отыр. Осыған дейін Пәкістан арқылы өткен тасымал жолдары АҚШ пен Пәкістанның салқындаған қарым-қатынасына салдарын тигізуі мүмкін деген қауіппен Пентагон Ауғанстанға тасымал жолдарын түрлендіруге тырысып отыр жазған америкалық басылым.

Washington Post басылымы хабарлағандай, 2009 жылы АҚШ әскери жүгінің 90 пайызын Пәкістанның Карачи порты арқылы өткізіп, кейін тау арқылы Ауғанстанға жеткізген.

Бүгінде Ауғанстанға жүктің 40 проценті Орталық Азияның жолдары арқылы солтүстігінен кіріп жатыр. Пентагонның атын атамаған өкілі хабарлағандай, АҚШ үкіметі Ауғанстанға қосымша жүк тасымалдау үшін Қазақстан, Өзбекстан және аймақтағы басқа да елдермен келісімдер жасаған.

Қазір Ауғанстанда 150 мың шетелдік жасақтар болса, оның 99 мыңы америкалық әскерлер.
XS
SM
MD
LG