Accessibility links

Exit Pool: Таиланд сайлауында оппозициялық партия жеңіске жетті


Таиландтағы еxit poll көрсеткіштері сайлауда оппозициялық партия үлкен жеңіске жететінін танытып отыр.

Үкіметке қарсы «қызыл жейделілер» қозғалысының жетекшісі, бұрынғы премьер-министр Таксин Шинаватраның қарындасы Юнглук Шинаватраның партиясы дауыс беруде басымдық алған. Егер Таиландтың Орталық сайлау комиссиясы жексенбі күні сайлау нәтижесінде бұл мәліметті растайтын болса, онда елді бірінші рет әйел премьер-министр басқаратын болады.

Осыған дейін үкіметке қарсы шерулерде көпшілік «Таилар үшін» деген Юнглук Шинаватраның партиясын қолдап шыққан болатын.

Бүгінгі дауыс берулер үкімет үшін өткен жылы 90 адамның өмірін қиған Бангкоктағы наразылық шарасынан бергі және алты жылғы саяси текетірестен кейінгі елдің тұрақтылығы үшін үлкен сынақ болып отыр.
XS
SM
MD
LG