Accessibility links

Таиландта парламент сайлауының қорытындысы жарияланды


Оппозициялық саясаткер Йинглак Чинават (ортада) сұқбат беріп тұр. Бангкок, 3 шілде 2011 жыл.
Таиландта жексенбіде өткен парламент сайлауының қорытындысын бүгін жариялаған елдің орталық сайлау комиссиясы оппозициялық күштердің жеңіске жеткенін хабарлады.

Оппозиция парламенттегі 500 орынның 265-іне ие болды.

Елдің жаңа премьер-министрі болып Йинглак Чинават сайлануы мүмкін. Ол 2006 жылы әскери төңкеріс нәтижесінде биліктен тайдырылып, қазір шетелде бас сауғалап жүрген бұрынғы премьер-министр Таксин Чинаваттың қарындасы.

Осы кезге дейін үкіметті басқарып келген Абхисит Ветчачиваны қолдайтын демократиялық партияға бұл сайлауда парламенттен 159 орын тиді.

AzattyqTV

Макронмен кездесу

Путин санкцияны айтты

XS
SM
MD
LG