Ақтөбе облысында бүгін туған-туыстары мен дос-жаран, әріптестері полицияның арнайы жасағының қызметкері Руслан Жолдыбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Марқұммен қоштасу кезінде оның үйінің маңын қарулы полиция қызметкерлері қоршап тұрды.
Өткен сенбіде екі полицейдің өліміне қатысты күдіктілерді ұстау операциясы кезінде мерт болған 34 жастағы Руслан Жолдыбаевтың артында кішкентай қызы қалды.
Арнайы операция кезінде полиция жасағынан тағы үш адам жараланған. Билік орындары полиция қызметкерлерінің өліміне күдікті алты адамға қылмыстық іздеу жариялап, оларды ұстауға жәрдемдесетін ақпарат бергендерге 100 мың доллар сыйақы тағайындалғаны туралы хабарлады.
Шілденің 1-іне қараған түні Шұбарши ауылында кезекшілікте болған Темір аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевты полиция бекетінде атып өлтіргендер «Мицубиси Делика» маркалы автокөлікпен із жасырғаны туралы хабарланған еді.