Accessibility links

Пан Ги Мун Израиль әскері мен ливандықтарды айыптады


БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун.
БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мун Ливанмен шекарадағы ливандық қарусыз шерушілерге шектен тыс күш қолданған Израиль әскерінің әрекетін айыптады.

Мамырдың 15-інде Израиль әскері мен Палестинаны қолдайтын ливандықтар арасындағы қақтығыста жеті адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланды.

Қарсылық акциясы Израильдің құрылуы күніне қатысты өткен еді.

БҰҰ-ның Ливандағы бітім миссиясы жөнінде баяндама жасаған Пан Ги Мун тұтанғыш зат құйылған шөлмек пен тас лақтырған ливандықтарды да айыптады.
XS
SM
MD
LG