АҚШ өкілдер палатасы Беларусьте демократия мен адам құқықтарын қолдайтын заң жобасын мақұлдады.
"Беларусь демократиясы мен адам құқықтары акті 2011" деп аталатын заң жобасы желтоқсан айындағы даулы президент сайлауының қорытындысын мойындамайды және Беларусьтегі барлық саяси тұтқындарды босатуға шақырады.
Сәрсенбі күні Беларусь билік орындары Минск пен басқа да қалалардағы оппозициялық шерулерге қатысқан кемінде 400 адамды тұтқындаған болатын.
Адам құқығын қорғаушы белсенділердің айтуынша, шілденің 3-і жүздеген адам үкіметке қарсы наразылық шарасына шыққасын кем дегенде 140 адам қамауға түскен. Олардың ішінде Азаттық радиосы Беларусь қызметінің журналистері де бар.