Бейсенбі күні Йемен мемлекеттік телеарнасы бір ай бұрын жараланған бері ел көзіне түспеген президент Әли Абдолла Салехті бірінші рет көрсетті.
Бейнекөріністе Йемен президентінің қолын қимылдата алмайтыны байқалған.
Салех маусымның 6-сында резиденциясына шабуыл жасалғаннан кейін жараланып, Сауд Арабиясына барып емделіп жатқан еді.
Йеменде бірнеше айдан бері халық толқып, Салехтің қызметтен кетуін талап етіп отыр. Бірақ ол биліктен кетуге көнбейді. Салех ара ағайындардың ішкі қақтығысты реттеу жайлы ұсыныстарымен да келіспеді.
Йемен телеарнасы президент Әли Абдолла Салехті көрсетті

Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?